Жаңа оқу жылында колледж IT саласындағы заманауи жабдықтармен жабдықталды. Осы жабдықтармен жұмыс істеу колледж студенттеріне IT саласындағы білімдерін кеңейтуге, кәсіби қызметінде қолдануға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік береді.
Студенттер өз білімдерін 3D модельдеуде көрсетті, 3D сканердің жұмыс істеу принциптерін айта отыра дайын модельді marker boat replication бесінші буын 3D принтерінде басып шығаруды көрсетті.
Робототехника кабинетінде студенттер жаңа Lego Mindstorms, Arduino жинақтарының негізгі және кеңейтілген жинақтарының көмегімен роботтарды құру ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Желілік және жүйелік әкімшілеу - IT индустриясының ең маңызды салаларының бірі болып табылады. ИС-2-18 тобының студенті Чупчиков Игорь lancisco және WorldSkills оқу жабдықтарының үлгілік жинақтарындағы зертханалық-тәжірибелік сабақтар желілік технологиялар негіздерін зерделеп қана қоймай, WorldSkills республикалық және халықаралық чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік беретінін айтты.